Қорытынды аттестация

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) – тйісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті  стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында көзделген оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің және оқу қызметінің өзге де түрлерінің көлемін игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Қорытынды аттестаттауға МЖМБС, білім беру бағдарламасының, оқу жоспарының, оқу бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім беру процесін толық аяқтаған білім алушылар жіберіледі.Білім беру бағдарламасының талаптарын орындамаған бітіруші академиялық жылдың білім алушысы, оқу жоспары, жеке оқу жоспары, теориялық игерудің оқу бағдарламалары жазғы семестрден өтпей-ақ Теориялық оқытудың қайталама академиялық кезеңіне қалады. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін білім беру бағдарламалары немесе жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді даярлау бағыттары бойынша аттестаттау комиссиясы құрылады.
Аттестаттау комиссиясының құзыретіне:
 
 
 
 
 
 

- Бітіруші кадрлардың теориялық және практикалық даярлығының білім беру бағдарламаларының белгіленген талаптарына сәйкестігін тексеру;- бітірушіге тиісті білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр, магистр дәрежесін беру; - кадрларды даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу кіреді.