Деканның сөзі

 

Құрметті достар!

Біздің парақшадан сіздерге сәлемімді жолдаймын!

Мұнда сіздер "Ақпараттық жүйелер", "Software Engineering", "Business Analytics and Big Data", "Product Management" және "Data Science" білім беру бағдарламалары бойынша ең сапалы және заманауи білім ала аласыздар!

Біздің студенттер деректерді жинау және талдаумен ғана айналысып қана қоймай, сонымен қатар, кез келген күмәнді болжамдарға қарсы тұрып, оларды әртүрлі контексттерде және тәжірибелерде зерттейді. Біздің мамандардың басты қасиеті-жиналған ақпарат жүйесіндегі логикалық байланыстарды көре білу және сандық талдау негізінде тиімді бизнес шешімдерін әзірлеу.

Цифрлық технологиялар мектебінің білім беру бағдарламалары, ең қиын жағдайларда құзыретті шешімдер қабылдауға қабілетті, жаһандық цифрлық экономиканың сын-қатерлеріне жауап беретін, сондай-ақ, оларды еңбек нарығында сұранысқа ие инновациялық кәсіпқойларға айналдыратын, цифрлық технологиялар саласында заманауи практикалық дағдыларды игеруге дайын студенттерді қолдайды.

Қазіргі бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе жатқан әлемде, үнемі өсіп келе жатқан ақпарат ағынында, біздің жоғары амбициялы IT мамандары дұрыс бизнес шешімдерін қабылдау және IT-стартап құру үшін таптырмас маман иелері.

Сондай-ақ , біздің түлектер - еңбек нарығында сұранысқа ие және жаңа нарық жағдайында жоғары кәсіби білікті мамандар.

Егер сіз, біздің цифрлық мектебінде білім алу туралы шешім қабылдайтын болсаңыз-бұл тамаша таңдау! Біз сіздің қызығушылықтарыңызға сәйкес келу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз және сізге білім мен болашақ жолында сәттіліктер тілейміз!

 

Сандық технологиялар мектебінің деканы

Абешев Куаныш Шурабатырович